28.09.2023 | 18:26
Бөлісу:
Әділбек Мусин Ханчжоуда екінші жүлдесін жеңіп алды
Жүзуден Ұлттық құрама көшбасшысы Әділбек Мусин Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында 2-медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде мәреге үшінші болып келді. Әділбек қашықтықты 23.44 секундта жүзіп өтті.
Инчул Бэк (Оңтүстік Корея) 23.29 секундта келіп, алтын алса, Цзен Вей Теонг (Сингапур) күміс медальді мойнына тақты.
Кеше Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола медаль алған. Жалпы Әділбек 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында осы бағдарламада (50 метр, баттерфляй) және командалық эстафетада (4х100) қола жүлде жеңіп алған. Осы тұста Мусин 50, 100, 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Қазақстан рекордының иесі екенін айта кетейік.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСИНГАПУРДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 СПОРТШЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
ӘДІЛБЕК МУСИН МӘРЕГЕ 5-ШІ ЖЕТТІ
ӘДІЛБЕК МУСИН ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАДЫ
ПАРИЖ-2024: КСЕНИЯ ИГНАТОВА МӘРЕГЕ 2-ШІ ЖЕТТІ