13.09.2024 | 20:44
Бөлісу:
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУ: ҚАЗАҚСТАН ТАҒЫ 2 МЕДАЛЬ АЛДЫ
Қытайдың Шэньян қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден U19 бен U23 Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына тағы 2 жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Мелани Жакупова мен Анжела Полянина 23 жасқа дейінгі санаттағы 2000 метрге жұптасып жарысуда 2-орынға көтерілді. Ал осы санатта Дидар Сағымбаев пен Тимур Фомичев жұбы қолаға қол жеткізді.
Осымен 23 жасқа дейінгі Қазақстан командасының еншісінде 2 күміс, 2 қола болды.
Айта кетейік, Шэньян қаласындағы чемпионатта 19 елден келген 300-ден астам спортшы сынға түсіп жатыр. Жарыс ертең мәресіне жетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ҮЗДІК КӨРСЕТКІШПЕН АЯҚТАДЫ