11.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: 4 қазақстандық рингке шықты
Бүгін Ыстанбұл қаласындағы әлем чемпионатында 4 боксшымыз алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Әуелі Жайна Шекербекова (52 келі) Пуэрто-Рико өкілі Мелоди Варгаспен күш сынасып, айқын басымдықпен ұтты (5:0). Енді 2016 жылғы Әлем чемпионатының қола, 2018 жылғы доданың күміс жүлдегері Жайна Шекербекова келесі жекпе-жегін 15 мамырда өткізеді.
Содан кейін Карина Ибрагимова (57 келі) румыниялық Клаудия Нечитамен кездесті. Бұл жекпе-жекте алдыңғы, 2018 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Карина сенімді жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 5-0.
Өкінішке қарай, күндізгі сессияда Аида Әбікеева (63 келі) алжирлік Имане Хелифке есе жіберіп, бәсекені осы тұстан аяқтады.
Ал кешкі сессияда Надежда Рябец (75 келі) түркиялық Бушра Ишилдармен жұдырықтасты. Төрешілер бұл айқаста түрік былғары қолғап шеберіне басымдық беріп, соның қолын көтерді. Осылайша, рингке көтерілген 4 спортшымыздың екеуі жарысты жалғастырса, қалғаны додадан тәс қалды.
Алдағы күндерде Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бәсеке көркін қыздырмақ.
Осыған дейін Қазақстан құрамасы сапындағы Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді, кеше Алуа Балқыбекова (48 келі) канадалық Приянка Диллонды ұтқан. Келесі кезеңде Валентина Хальзова Оңтүстік Кореядан келген Суджин Сеонмен, Алуа Балқыбекова серб Снежана Силиковичпен кім мықтыны анықтайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ