24.06.2023 | 21:05

Ауыр атлеттер VI жазғы Спартакиадада бақ сынау үшін Алматыда жиналды

Бүгін Алматыдағы Республикалық спорт колледжінде ауыр атлетикадан ҚР VI жазғы Спартакиадасы басталды. Ашылу рәсіміне Қазақстан ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Гаджи Гаджиев, сондай-ақ бас хатшысы Мадина Астамирова, мемлекеттік жаттықтырушы Меңдіхан Тәпсірұлы, Спортты дамыту дирекциясы спорт жарыстарын өткізу бөлімінің маманы Асқар Қадыров қатысып, болашақ чемпиондарға сәттілік тіледі.

«Бұл жарыс қорытындысы аймақтардағы осы спорт түрінің деңгейін анықтап қана қоймай, қатысушылардың алдағы байрақты бәсекелерге дайындығы пысықталады. Спартакиаданың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына ең мықты спортшыларды жасақтау және халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына лицензиялық жарыстарға қатысуға үміткерлерді анықтау. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!», - деді Меңдіхан Тәпсірұлы.

Дүбірлі додаға еліміздің 15 өңірі мен қаласынан 150-ге жуық зілтеміршілер қатысуда. Оның ішінде ерлер - 89, әйелдер - 61. Олар бес күн бойы өздерінің бақтарын сынайтын болады. Алғашқы күннің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Әйелдер, 45 кг:

1 орын - Айнұр Абдықалықова (Жамбыл обл)

2. Алина Құрбанова (Жетісу обл)

3. Амина Князева (Жетісу)

49 кг

1. Әйгерім Аулбек (Жетысу)

2. Юлия Трошкина (Акмола обл)

3. Шынар Жапар (Жамбыл обл)

Ерлер, 55 кг:

1. Ерназ Алпысов (Шығыс Қазақстан облысы)

2. Анатолий Грубов (Жетісу обл)

3. Исламжан Хитахунов (Жетісу обл).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес