03.04.2023 | 09:34
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева 8-турда Жу Цзинермен тең түсті
Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің 3-кезеңінде 8-тур ойындары аяқталды. Мұнда көптің назарын аударған басты кездесу көш басында тұрған отандасымыз Бибісара Асаубаева мен қытайлық Жу Цзинер арасында болды. Тартысты өткен ойында жеңімпаз анықталмай, тең аяқталды. Бибісара мен Жу осыған дейін 4 мәрте кездескен: қазақстандық бір рет, ал қытайлық 2 рет басым түссе, қалған матчта бірін-бірі ала алмаған.
Бұл турдағы қалған ойындардың нәтижесі мынадай:
Екатерина Лагно – Александра Горячкина, ½ – ½
Харика Дронавалли – Нино Бациашвили, 1 – 0
Полина Шувалова – Вайшали Рамешбабу, 1 – 0
Кешегі 8-турда Нана Дзагнидзе мен Хампи Конеру демалды.
Қазір Бибісара 5 ұпаймен көш бастап келе жатыр. Ал қытайлық гроссмейстер 4½ ұпаймен 2-орында. Бүгін кешке Гран-придің 9-турдағы ойындары өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ