16.01.2023 | invalid
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева: «Биыл мен үшін маңызды жарыс көп»
Бүгін блиц шахматтан 2 дүркін Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мен анасы, әрі жеке бапкері Лиана Таңжарықова Астана қаласына келді.
Былтыр желтоқсанда Алматыдағы Әлем чемпионатында топ жарған спортшыны әуежайдан БАҚ өкілдері, шахматтан Ұлттық құраманың бас бапкері Павел Коцур мен Спортты дамыту дирекциясының ресми өкілдері күтіп алды. Журналистер сұрағына жауап берген шахматшы биылғы жоспары жайлы аз-кем айта кетті.
«Биыл бірқатар маңызды маңызды жарыста өнер көрсетемін. Әлемдік Гран-Прилер сериясы, Әлем Кубогы мен Әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсетуге тырысамын. Алғашқы жарысым наурыздағы Гран-Придің келесі кезеңі. Сондай-ақ күзде Қытайда өтетін Азия ойындарына да қатысу жоспарда бар»,-деді Бибісара Асаубаева.
2022-2023 жылғы маусымдағы әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-Приінің алғашқы кезеңі былтыр қыркүйекте Астана қаласында өткен. Таңдаулы 12 шахматшының арасында Жансая Әбдімәлік бесінші, ал Бибісара Асаубаева оныншы орынға тұрақтаған.
Енді Гран-Придің 2-кезеңі ақпан айында Мюнхен (Германия) қаласында өтсе, 3-кезеңді Үндістан қабылдайды. Ал соңғы, 4-кезең Польшаның Быдгош қаласында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, 18 қаңтарда Қазақстан шахмат федерециясының съезі өтеді. Оған Ұлттық құраманың барлық шахматшысы қатысады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ