05.04.2024 | 16:21
Бөлісу:
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы Әлем Кубогын сәтті бастады
Қытай астанасы Бейжіңде көркем жүзуден Әлем Кубогының алғашқы кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғашқы жарыс күні қазақстандық спортшылар 2 медаль жеңіп алды. Елімізге су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алғашқы алтынын сыйлаған Эдуард Ким мен Наргиза Болатова жұбы (микст дуэт) бүгін техникалық бағдарламада күміс жүлдегер атанды.
Осыдан кейін топтық сайыста Қазақстан құрамасы техникалық бағдарламаның қола жүлдесіне ие болды. Карина Магрупова жекелей сында (техникалық бағдарлама) 8-сатыға жайғасты.
Ертең еркін бағдарламадағы жарыстар болады. Айта кетейік, бұл кезеңде 14 елден келген 85 спортшы сынға түсіп жатыр. Олар жарыс аяқталғанға дейін 11 медаль жиынтығын сарапқа салады. Осыған дейін Қытай астанасы су спорты түрлерінен 35 әлемдік жарысты қабылдапты.
Жалпы биыл Әлем Кубогының 4 кезеңі өтеді. Атлеттер Бейжіңнен кейін Парижге (3-5 мамыр), Маркхэмге (31 мамыр – 2 маусым) ат басын тіреп, шілдеде Будапеште (5-7 шілдеде) суперфиналда кім мықтыны анықтайды.
Сурет: Халықаралық су спорты түрлері федерациясынан.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЭДУАРД КИМ МЕН НАРГИЗА БОЛАТОВА КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
Эдуард Ким – Әлем Кубогының жеңімпазы
Виктор Друзин Әлем кубогында тағы жүлде алды
Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем кубогында топ жарды