20.01.2023 | invalid
Бөлісу:
Эльмира Сыздықова Франциядағы Гран-Приде топ жарды
Бүгін отандасымыз Эльмира Сыздықова Францияның Ницца қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен Олимпада чемпионы Анри Деглан Гран-Приінің жеңімпазы атанды.
Аса ауыр салмақтағы (76 кг) қазақстандық спортшы алғашқы айналымда германиялық Лаура Селинді, сосын америкалық Алексис Кеннедиді ұтты. Жартылай финалда канадалық Тейлор Фолленсиді айқын басымдылықпен жеңді. Ал финалда тағы бір канадалық Жюстина Стасионнан айласын асырды.
Даңқты француз балуанын еске алуға арналған 49-шы турнир ертең грек-рим және еркін күрес шеберлерінің айқасымен аяқталады.
Айта кетейік, Эльмира былтыр Ресейдегі Иван Ярыгин турнирінде чемпион атанған соң жарақатын емдеу үшін үзіліс алған. Эльмира әйелдер күресінен олимпиада жүлдегері атанған тұңғыш қазақ балуаны ( Рио-2016). Осы аралықта бұл салмақта ел намысын Гүлмарал Еркебаева қорғады.
Турнирдің белдесулерін мына жерден тікелей эфирде көре аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ