27.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Гандболдан Қазақстан құрамасы Таиландты жеңді
Бүгін гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея астанасы Сеул мен Инчон қаласында өтіп жатқан XIX Азия чемпионатында Таиландты сенімді жеңді. Есеп: 30-24.
Бұл біздің гандболшылардың В тобындағы 2-жеңісі. Осыдан 2 күн бұрын Ұлттық құрама Ганконгтан басым түскен. Алайда алғашқы турда Қытайға есе жіберді. Қазір Ұлттық құрама топта 3-орында келе жатыр. Қазақстан соңғы турда (30 қарашада) Жапониямен кездеседі.
Ұлттық құрама ойыншылары: Жанерке Қуандықова, Дана Әбілда, Жанерке Сейтқасым, Татьяна Давыдова, Злата Звягина, Алеся Малышева, Альсина Жұмабек, Наталья Полуянко, Мария Пупченкова, Камила Серікбаева, Кристина Степанова, Вероника Хардина, Мария Ситникова, Ксения Пупченкова, Арайлым Әбдіхамит, Елена Беренда, Дамира Жапарова, Кристина Радаева;
Құрлық додасы 4 желтоқсанда мәресіне жетеді. Биыл Оңтүстік Корея гандбол федерациясы (KHF) 3-мәрте Азия чемпионатын ұйымдастырып жатыр. Биылғы сары құрлықтағы үздік 5 құрама 2023 жылғы 30 қараша мен 17 желтоқсан аралығында Дания/Норвегия/Швецияда өтетін XXVI Әлем чемпионатына жолдама алады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚОЛ ДОБЫ: «ҚАЙСАР» КЛУБЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Ұлттық құрама алғашқы ойында қарсыласқа есе жіберді
Ұлттық құрама Бразилиядан жеңіліп қалды