26.07.2023 | 23:07
Бөлісу:
Руслан Курбанов Қазақстанға тарихи жүлдені тарту етті
Бүгін Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Курбанов ширек финалда италиялық Валерио Куомоны 15-12 есебімен ұтып, қазақстандықтардан тұңғыш болып финалдық кезеңге жолдама алды. Алайда жартылай финалда мажарстандық Мате Кохпен болған тартысты айқаста қарсыласқа 10-15 есебімен жол жіберіп, қола жүлдегер атанды.
Екінші жартылай финалда Олимпиада және әлем чемпионы франциялық Ромен Каннон италиялық Давиде ди Веролиден жеңіліп қалды.
Айта кетейік, отандасымыз 1/16 айналымда франциялық Янник Борельді (15-14), даниялық Конрад Сейбек Конгстадті (14-13) ұтқан. Оған дейін аустриялық Джозеф Марингерден басым түсіп, үздік 32 спортшының қатарына қосылды.
Есіңізге сала кетейік, былтыр Мысыр астанасы Каирде өткен әлем чемпионатында Руслан Курбанов пен Эльмир Әлімжанов ширек финалға дейін жеткен еді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық«МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» ЖОБАСЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?
СЕМСЕРЛЕСУДЕН БІЗДІҢ КОМАНДА 6-ОРЫНДА