13.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Күрес: ӘЧ-да Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Бүгін, Белгардатағы күрестен әлем чемпионатының 3-күні Қазақстан қоржынына жүлде түсті. Грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали қола медаль үшін белдесуде мажастандық Кристиан Кичкеметиді сенімді ұтты (7:1).
Бозкілемге шыққан өзге отандастарымыздың нәтижесі төмендегідей:
Марина Седнева алғашқы жұбаныш белдесуінде түрік Елвира Камалоглыны ұтқан. Алайда 2-кездесуде қытайлық спортышыға есе жіберді. Аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов алғашқы жұбаныш белдесуінде әзірбайжандық Сабах Салех Шариатиден ұтылып қола жүлде үшін таластан тыс қалды.
Ал 65 келідегі Елена Шалыгина іріктеуде болгариялық Мими Николова Христоваға жол беріп, жарысты ерте аяқтады. Аса ауыр салмақтағы Гүлмарал Еркебаева алғашқы кездесуінде сербиялық балуанды таза ұтты. Екінші белдесуде 2017 жылғы әлем чемпионы, тәжірибелі түрік балуаны Ясемин Адарге жол берді. Светлана Анкичева (50 кг) алғашқы кездесінде оңтүстік кореялық Миран Чонды жеңді. Десе де 1/8-де канадалық Мэдисон Бьянка Паркстың мықтылығын мойындады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ