16.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Надежда Ли – жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Бүгін Мексиканың Леон қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Надежда Ли 64 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық жұлқа көтеруде 85 келіні, серпе көтеруде 105 келіні сәтті еңсерді. Жалпы нәтижесі – 190 кг. Бұл салмақта колумбиялық Ингрид Ванесса Сегура чемпион атанса, Венесуэла өкілі Кейли Сильва үздік үштікті түйіндеді (187 кг).
Қазір Қазақстан құрамасы 9 алтын, 3 күміс және 6 қола медальмен жалпы есепте көш бастап тұр. Барлығы Мексикадағы чемпионатта 22 ел жүлде жеңіп алды. Айта кетейік, жоғарыдағы медаль есептеу кезінде жалпы нәтижемен қатар жұлқа және серпе көтеру жаттығуындағы жекелей жүлделер де есепке алынды.
Айта кетейік, «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: МЕҢДІХАН ТӘПСІР
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ