12.08.2024 | 11:04
Бөлісу:
НҰРБЕК ОРАЛБАЙ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
Бүгін бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай елордаға ұшып келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Спортшы мен оның жеке бапкерін Астана халықаралық әуежайынан туыстары, жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері күтіп алды. ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Нұрбекті құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Осыдан кейін арнайы сахнада сөз сөйлеген жүлдегер осы күмісті алтынға айырбастау үшін Лос-Анджелес Олимпиадасына тыңғылықты дайындалатынын айтты.
«Құрметті қазақ елі, қолдау білдіріп жатқандарыңызға рақмет. Өкінішке қарай, екінші орын болып қалды. Сіздер үшін алтын алып, елімізді қуантып, әнұранымызды шырқатқым келген еді. Осы жолы алтын бұйырмапты, келесі Олимпиадада бар күшімді салып, елге абыроймен оралып баршаны қуантамын деп ойлаймын», -деді былғары қолғап шебері.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ