23.07.2023 | 18:42

Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионатында 1-орын алды

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты Ұлттық құрама үшін табысты аяқталды. Кеше, 2-жарыс күні 6 қазақстандық татами шебері тұғыр сатысына көтерілді.

Кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Қайсар Алпысбай (-60 кг) əнұранымызды шырқатты.

Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Гүлмира Үсенова (-55 кг) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Данияр Юлдашев (-84 кг) пен Абылай Төлтай (+84 кг) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.

Ал бүгін Қазақстан ерлер құрамасы командалық сында финалда Иран каратэшілеріне есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Осылайша, Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте алғаш рет 1-орын алды.

 

Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) түйіндеді. Биылғы бәсекеге барлығы құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес