18.12.2022 | 19:55
Бөлісу:
Қазақстандық жүзгіштер «Александрия» турнирінде 4 медаль жеңіп алды
Бүгін Грекияның Салоники қаласында жүзуден XXIX «Александрия» халықаралық турнирі аяқталды. Бұл 2023 жылғы 14-30 шілде аралығында Жапонияның Фукуока қаласында өтетін су спорты түрлерінен XX Әлем чемпионатына іріктеу жарыстың бірі.
Үш күн бойы «Посидонио» бассейнінде Грекия, Қазақстан, Израиль, Грузия, Кипр мен Франциядан келген 700-ге тарта спортшы сынға түсті. Оның ішінде қазақстандықтар Салоникидегі сайыста 2 алтын, 2 күміс медальге қол жеткізді.
Ксения Игнатова 50 (00.29.66 секунд) және 200 метрге (02.17.68 секунд) шалқалай жүзуде қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал Даниэль Қаракөз 50 метрге еркін стильде жүзуде (00.23.24 секунд), Кирилл Шацков 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде (00.55.67 секунд) күміс жүлдегер атанды. Қалған қазақстандықтардың нәтижесі:
Олжас Исенгужин 200 метрге шалқалай жүзу 4-орын (02.07.18);
Даниэль Гальва 200 метрге аралас әдістермен жүзуде 5-орын (02.07.80);
Ален Охотинский 200 метрге еркін стильмен жүзуде 4-ші (01.57.14), ал Михаил Царёв 7-орын (01.59.92):
Жарыстың толық нәтижесін мына жерден көре аласыздар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСИНГАПУРДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 СПОРТШЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ
ӘДІЛБЕК МУСИН МӘРЕГЕ 5-ШІ ЖЕТТІ
ӘДІЛБЕК МУСИН ІРІКТЕУДЕН ӨТЕ АЛМАДЫ
ПАРИЖ-2024: КСЕНИЯ ИГНАТОВА МӘРЕГЕ 2-ШІ ЖЕТТІ