08.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі
10-15 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде семсерлесуден Азия чемпионаты өтеді. Құрлықтағы 20 елдің спортшылары жиналып, кім мықтыны анықтамақ. Бұл қатарда Қазақстан құрамасының атлеттері де бар. Олар семсерлесу мен қылыштасудан сынға түседі.
Семсерлесу (ерлер) – Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Әлімжанов;
Семсерлесу (әйелдер) – София Николайчук, Владислава Андреева;
Қылыштасу (ерлер) – Назарбай Саттархан, Мұхамедәлі Рахманәлі, Төлеби Қалдыбекұлы, Артем Саркисян;
Қылыштасу (әйелдер) – Айгерім Сарыбай, Татьяна Приходько, Карина Доспай, Анастасия Гулик;
10-12 маусым аралығында жекелей бәсеке өтсе, ары қарай командалар жүлдеге таласады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық«МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» ЖОБАСЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?
СЕМСЕРЛЕСУДЕН БІЗДІҢ КОМАНДА 6-ОРЫНДА