13.05.2022 | invalid
Бөлісу:
Семсерлесуден Әлем Кубогі: 1-күннің нәтижесі белгілі болды
12-14 мамыр аралығында Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден Әлем Кубогі өтіп жатыр. Бұл бәсекеге 44 елден 262 спортшы жиналды. Бұл қатарда Қазақстан құрамасының спортшылары да бар. Алғашқы күні Қазақстан құрамасының спортшылары мынадай нәтиже көрсетті:
Құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов германиялық Петер Битчті ұтып (15:14), үздік 32 атлеттің қатарына қосылды. Қалған 3 қазақстандық 64 спортшы іріктелген сайыста қарсыласына жол берді. Ал Вадим Шарлаимов бірінші кездесуінде ұтылып қалды.
Ерлік Сертай - Элиа Дагани (Швейцария) 14:15
Эльмир Әлімжанов - Хесус Лимардо (Венесуэла) 12:15
Дмитрий Алексанин - Симоне Менкарелли (Италия) 10:15
Қазақстан құрамасы мүшелерінің бұған дейінгі көрсеткіштері:
1.Руслан Курбанов әлем рейтингінде 9-орында тұр (120.000 ұпай). Алдыңғы, сәуір айында Франция астанасы Парижде өткен Әлем Кубогында жеке сында 2-орын алды.
Бұдан бөлек жетістіктері: 2019 жылғы Токиодағы Азия чемпионатының жекелей және командалық сынында 3-орын, 2018 жылғы Джакартадағы Азия ойындарында 3-орын (командалық), 2017 жылғы Гонконгтағы Азия чемпионатының жеңімпазы, 2016 жылғы Ванкувердегі Әлем Кубогы кезеңінде 2-орын (командалық), 2018 жылғы Бангкоктағы Азия чемпионатында 2-орын (командалық), 2017 жылғы Линьчно (Италия) Әлем кубогы кезеңінде 3-орын.
2. Ерлік Сертай 2018 жылы Филиппинде өткен 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында командалық сында топ жарған. 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (БАӘ, командалық сын).
3. Эльмир Әлімжанов біздің командадағы ең тәжірибелі спортшының бірі (35 жаста). Қазір әлем рейтингінде 30-сатыда (54.500 ұпай). Ол былтыр Казан қаласында өткен Әлем Кубогында 3-орын, 2019 жылғы Азия чемпионатында 3-орын (командалық), 2018 жылғы Азия ойындарында 3-орын (командалық), 2013 жылғы Азия чемпионатында алтын жүлде жеңіп алған.
4. Дмитрий Алексанин – Джакартадағы Азия ойындарының жеңімпазы, Бакгкоктағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Ванкувердегі Әлем кубогы кезеңінде командалық сында 2-орын, 2013 жылғы Азия чемпионатында командалық сында алтын жүлде жеңіп алған.
5. Вадим Шарлаимов – 2020 жылы Будапеште өткен Гран-Придің қола медаль иегері. Сондай-ақ 2017 жылғы Ванкувердегі Әлем кубогы кезеңінде командалық сында 2-орын, Джакартадағы Азия ойындарында командалық сында 3-орын, 2019 жылғы Азия чемпионатында 3-орын (командалық) алған.
Ұлттық құраманың аға бапкері - Сергей Шабалин, бас бапкер - Алексей Писцов. Қазақстан құрамасы 2-11 мамыр аралығында Хайденхайм қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық«МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» ЖОБАСЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?
СЕМСЕРЛЕСУДЕН БІЗДІҢ КОМАНДА 6-ОРЫНДА