08.09.2023 | 12:07

Шахматшылар әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан ФИДЕ-нің ІХ командалық әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазір біздің шахматшылардың еншісінде 4 жеңіс (8 ұпай) бар. Кеше Ұлттық құрама Франция мен Украинаны жеңді. Оның алдында Үндістан мен Мысыр командасынан басым түскен. Топтық кезеңдегі шешуші турда Қазақстан Грузиямен сынға түседі. Ал В тобында 7 ұпаймен АҚШ 1-орында келе жатыр.

3аунд:

А тобы

Қазақстан (2½-1½) Франция

Грузия (3½-½) Мысыр

Украина (2½-1½) Үндістан

B тобы

АҚШ (2-2), ФИДЕ Америка,

Қытай (1-3), Болгария

Польша (2½-1½), Германия

4аунд

Пул А

Франция (3-1) Мысыр

Қазақстан (2½-1½) Украина

Үндістан (1-3) Грузия

B тобы

АҚШ (2½-1½) Қытай

Солтүстік және Оңтүстік Америка (1½-2½) Германия

Болгария (2-2) Польша

Әйелдер арасында 2021 жылы Испанияда өткен әлем чемпионатында Ресей құрамасы топ жарып, Үндістан құрамасы күміс медаль алған. Ал командалық әлем чемпионатында ең көп чемпион атанған құрама – Қытай (4 дүркін жеңімпаз).

Әлем чемпионатының ойындарын мына жерден көре аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес