07.06.2023 | 17:52
Бөлісу:
Шахматтан Азия чемпионатында қазақстандық ойыншылар көш бастап тұр
Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтан Азия чемпионатының 5-раунды өтіп жатыр. Алда әлі төрт тур бар. Қатысушылар турнирдің бел ортасына жеткендіктен аралық қорытындыларды шығаратын уақыт таяп қалды.
Ерлер арасындағы ашық чемпионатта өткен 4 турдың қорытындысы бойынша гроссмейстер Ринат Жұмабаев алда келе жатыр. Ол еліміздің ерлер құрамасының тағы бір тәжірибелі өкілі Мұртас Қажығалиевпен бірге көш бастап тұр. Олар 2-турда қарсыласын қара түсті тастармен ойнап, жеңе алды. Ал бұл қай уақытта болса да оңайға соқпайды және асқан шеберлікті қажет етеді. Мұртас Қырғызстанның бірнеше дүркін чемпионы Семетей Тологонтегинмен болған ойында өте күрделі тактикасыз-ақ тез арада жеңіске жетті. Ал Ринатқа жеңіс оңай келген жоқ. Оның қарсыласы бангладештік Мұхаммед Рахман алғашқы екі жолды жауып, өз аумағының бестен бір бөлігін де бергісі келмеген. Уақыт жақындағанда ол пешканы ұтып алды. Кейінірек белгілі болғандай, ойын салдарын дұрыс көздеген гроссмейстердің бұл құрбандығы нәтижелі шықты. Үшінші турда Ринат Үндістаннан келген халықаралық шебер Адитья Самантаны жеңсе, 4-турда 2-орында тұрған ирандық Данешвар Бардиямен тең түсті.
Үшінші орында Өзбекстаннан келген гроссмейстер Шамсиддин Вохидов тұр. Алғашқы шахматшылардың ондығына қазақстандық спортшылар: Әлішер Сүлейменов, Азамат Өтеғалиев, Аңсат Алдияр, Мұртас Қажығалиев және Қазыбек Нөгербек кірді. Топ 10-дықтың алтауы біздің шахматшы.
Қыздардан 2-турда Амина Қайырбекова бірінші тақтадан айқын көрінді. Ол ойында тәжірибелі ирандық Мобин Аминасабтан кем түспеді. Жеребе Әсел Серікбай мен Лия Құрманғалиеваны бірге кездестірді. Бұл партия қызық өтті. Екеуі де тапқырлық пен жеңіске деген ерікжігерін көрсетті. Нәтижесінде Әсел Серікбай жеңіске жетті.
Ксения Балабаева да екі рет қатарынан қарсыласынан басым түсті. Оның қарсыласы Адель Оспанова жеңісті оңайлықпен бергісі кемеген. Қазақстандық шахматшы Назерке Нұрғали қырғызстандық Аяна Абаеваның «қақпасына әдемілеп доп тепті».
3 және 4 турдың қорытындысы бойынша Алуа Нұрманова мен Меруерт Камалиденова «бестікті минуспен» алды – «екі еселенген» активке бір жарым ұпай әкелді. 124 қадамға ұласқан Назерке Нұрғали мен Меруерт Камалиденованың партиясы тең аяқталды.
Төрт турдан кейін Алуа Нұрманова, Меруерт Камалиденова және Назерке Нұрғали көшбасшылардан тек жарты ұпай артта қалды. Төртінші турдан кейін бірінші орында Моңғолиядан келген гроссмейстер Б. Мунгунтуул тұр.
Айта кетейік, бүгін жас шахматшыларды Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) бірінші вице-президенті, Азия шахмат федерациясының (ACF) вице-президенті Дәрмен Сәдуақасовпен бір мезгілде ойын сеансы өтті.
Шахматтан Азия чемпионаты (ерлер арасындағы ашық чемпионат және әйелдер арасындағы чемпионат) осы аптаның аяғына дейін жалғасады. Чемпионаттың жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 11 маусымға жоспарланған.
Турнирді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Азия шахмат федерациясы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырды. Турнирдің бас серіктесі – Freedom Holding Corp.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ