21.07.2023 | 18:15

Софья Берульцева Азия чемпионатының алғашқы күні Ұлттық құрамаға алтын сыйлады

Бүгін Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады. Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Финалға шыққан тағы бір отандасымыз Дидар Әмірәлі қарсыласқа жол беріп, күміс медаль алды.

 

 

Кумитеде Жоламан Биғабыл (55 кг), сондай-ақ ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева қола жүлдеге ие болды. Азия чемпионаты 23 шілдеде аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес