21.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Теннис: Елена Рыбакина Жапонияда былтырғыдай жақсы өнер көрсете алмады
Бүгін Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы Жапония ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде ресейлік Людмила Самсоновадан жеңіліп қалды. Есеп: 2:6, 4:6. Бұл Елена мен Людмиланың екінші текетіресі. Бұл жолы да рсейлік теннисші жеңіске жетіп отыр.
«Ариакэ» теннис паркіндегі матчта қазақстандық спортшы 7 эйс жасаса, қарсыласы допты ойынға қосу кезінде, 6 мәрте еш қарсылықсыз ұпай алды. Екеуі да допты алғашқы мүмкіндігінде ойынға қосу кезінде жиі қателесіп жатты. Десе де бұл жағынан Самсонова (66%) еліміздің 1-ракеткасына қарғанда (58%) алда болды.
Елена Рыбакина дәл осы «Ариакэ» кортында былтыр Токио Олимпиадасы кезінде өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін жеткен. Қола медаль үшін болған ойында украиналық Элина Свитолинаға 1:2 есебімен жол берген-ді.
Айта кетейік, Елена алдыңғы аптада өткен Словения ашық чемпионатының финалына шығып, чех Катерина Синяковадан ұтылды. Ол қазір WTA рейтингінде 1855 ұпаймен 22-орында тұр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ