09.04.2023 | 22:28
Бөлісу:
Ян Непомнящий мен Дин Лижэнь 49 жүрістен соң тең тарқасты
Бүгін классикалық шахматтан биылғы әлем чемпионатындағы ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы алғашқы партия тең аяқталды.
Ақ тастармен ойнаған Ян қанша жерден табанды ойын көрсеткенімен, Дин қара тастармен сауатты қорғанып, қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде бес жарым сағатқа созылған ақыл-ой аламаны 49 жүрістен соң тең аяқталды.
Бүгінгі тұсаукесер матчтағы алғашқы жүрісті ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов пен Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович жасағанын айта кетейік. Енді таңдаулы гроссмейстерлер арасындағы 2-партия ертең, дүйсенбі күні елорда уақытымен сағат 15:00-де басталады.
Чемпионат жайлы
FIDE-нің 2023 жылғы классикалық шахматтан әлем чемпионы атағын Дин Лижэнь мен Ян Непомнящий 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында еліміздің бас қаласында сарапқа салады. Барлық 14 ойын St. Regis Astana қонақ үйінде өтеді. Әр 2 турдан кейін демалысқа бір күн беріледі. Осы 14 партия/матч барысында алғаш болып 7,5 балл жинаған шахматшы жеңімпаз атанады. Егер тең түссе, тай-брейкке дейін барады.
Бұл финалдың жүлде қоры – 2 миллион еуро. Жеңгені осы қаржының 60%-ын алса, 2-орын алған гроссмейстер қалғанына ие болады.
Ереже бойынша ойын кезінде алғашқы 40 жүріске 120 минут бөлінеді. Сосын, қалған 40 жүріске бір сағат берілмек. Ал 61-жүрістен бастап әр ойыншының еншісінде 30 минут қалады. Бұл аралықта олардың тасын қимылдатуға 30 секунд уақыты болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ