27.09.2023 | 13:22
Бөлісу:
Әсем Орынбай – Азия ойындарының қола жүлдегері
Санаулы сәттер бұрын Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан делегациясының қоржынына кезекті медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Стенд атудың скит бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді. Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті. Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).
Айта кетейік, бұл Әсемнің осы Азиададағы екінші медалі. Ол бүгін командалық сында әріптесі Зоя Кравченко және Ольга Панаринамен бірге чемпион атанған.
Әсем Орынбайдың көрсеткішіне шолу:
Биылғы маусымда Әсем Орынбай әр жарыста тұрақты өнер көрсетіп, бірнеше рет тұғыр биігіне көтерілді. Атап айтар болсақ, мамырда Алматыда өткен рейтингтік Әлем Кубогында жекелей сында топ жарып, ізін ала әріптесі Эдуард Ещенкомен бірлесіп күміс жүлдегер атанды. Сосын, жазда Италиядағы Әлем Кубогында аралас жұптар арасында (Эдуард Ещенкомен) 3-орын алған.
Есіңізде болса, былтыр қазан айында Хорватияның Осиек қаласындағы әлем чемпионатында Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скит бағдарламасында қола жүлдеге қол жеткізген. Бұл Қазақстан үшін осы спорт түріндегі алғашқы медаль.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықӘСЕМ ОРЫНБАЙ МЕН ЭДУАРД ЕЩЕНКО АЗИЯ РЕЙТИНГІН 1-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ
СТЕНД АТУДАН АЗИЯ КУБОГЫНДА ҚАЗАҚСТАН 1-ОРЫН АЛДЫ
МЕРГЕНДЕР АЗИЯ КУБОГЫНДА 5 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
АЗИЯ КУБОГЫНДА БІЗДІҢ МЕРГЕНДЕР ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ