07.11.2024 | 20:52

АШЫҚ АЙДЫНДА ЖҮЗУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 6 ОТАНДАСЫМЫЗ ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ

Ертең, 8 қарашада Гонконг қаласында ашық айдында жүзуден ересектер арасында Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапында ел намысын мына спортшылар қорғайды: Ғалымжан Балабек, Лев Черепанов, Максим Клименко, Мария Федотова, Аяжан Айнабекова, Дарья Пушко.

Биылғы чемпионатта барлығы құрлықтағы 12 мемлекеттен 41 спортшы сынға түседі. Жарыс 10 қарашада мәресіне жетеді

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес