21.09.2024 | 19:11
Бөлісу:
ФУТЗАЛ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІНЕ ШЫҚТЫ
Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкент қаласында Жаңа Зеландияны 10-0 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл біздің мундиальдағы ең ірі жеңісіміз саналады. Қазақстан 2016 жылы Саломон аралының құрамасын дәл осындай есеппен ұтқан. Командамыз сапынан бүгін Арнольд Кнауд пента-трик (5 гол) авторы атанды.
Гол авторлары: Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Арнольд Кнауб (5 гол), Лео (дубль), Логан Висневски (автогол);
Алайда осыған қарамастан Ұлттық құрама әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне D тобынан 2-орынмен шықты. Қатар өткен матчта Испания да Ливияны ірі есеппен ұтты (8-0). Испания бізден 1 гол көп соғып, топта 1-орын алды.
Плей-офтағы қарсыласымыз ертең осы уақытта анықталады. Қарсылас – Е тобындағы Португалия немесе Морокко құрамасының бірі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАМАША ЖЕҢІС! ФУТЗАЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ЖЕҢДІ
АРНОЛЬД КНАУБ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНІНЕ АЙНАЛДЫ