28.10.2024 | 20:15
Бөлісу:
МЕЙІРЖАН ШЕРМАХАМБЕТ ПЕН ЕВГЕНИЙ ПОЛИВАДОВ ҮШІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
Бүгін Албания астанасы Тиранада басталған күрестен Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша әлем чемпионатында Ұлттық құраманың 2 өкілі қарсыласына жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Азия чемпионы (2022 ж), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018 ж, 67 кг) Мейіржан Шермахамбет 72 кг дейінгі салмақта сынға түсіп алғашқы белдесуінде Айк Хлоянның мықтылығын мойындады. Өкінішке қарай, армениялық 1/8 айналымда француз палуанынан ұтылып қалды. Шермахамбет ертең жұбаныш белдесуіне қатыса алмайды.
Евгений Поливадов (82 кг) іріктеуде Артем Шаповаловты айқын басымдықпен ұтқан. Алайда 1/8 айналымда өзбекстандық қарсыласына есе жіберді. Жалғасбай Бердімұратов ширек финалда мажарстандық палуаннан ұтылып, қалғандықтан, Поливадов жұбаныш белдесуіне қатыса алмайды.
Ал Исхар Құрбаев (55 кг) пен Ержет Жарлықасын (63 кг) ширек финалда күреседі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕРЖЕТ ЖАРЛЫҚАСЫН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА КҮРЕСЕДІ
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ ТИРАНАДА ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЛДЫ