19.04.2024 | 19:25
Бөлісу:
Милад Карими Дохада топ жарса, Дмитрий Патанин қолаға қол жеткізді
Бүгін Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының шешуші кезеңінде Ұлттық құраманың екі атлеті жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Еркін жаттығуда Олимпиада лицензиясының иегері Милад Карими (14.766 ұпай) чемпион атанды. Ал Дмитрий Патанин 14.500 ұпай жинап, 3-сатыға табан тіреді. Күміс медаль Люк Уайтхаустың (Ұлыбритания, 14.566 ұпай) еншісінде.
Айта кетейік, ертең Милад Карими қоссырық пен керме жаттығуының финалында бақ сынайды.
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: