08.10.2023 | 10:37
Бөлісу:
Мөлдір Жаңбырбай Қазақстанға 22-күміс жүлдені сыйлады
Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының соңғы жарыс күні Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
WKF каратэден Ұлттық құрама өкілі Мөлдір Жаңбырбай финалда 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, тайбэйлік Шиау Шуанг Гумен күш сынасты. Қарсыластар 5:5 есебімен тең түскен. Дегенмен, соңғы нәтижелі әдісті Шиау Шуанг жасағандықтан, жеңіс Тайпейге бұйырды.
Қазақстан делегациясы Ханчжоуда барлығы 80 жүлдеге қол жеткізіп, 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медальмен жалпы есепте 11-орыннан көрінді. Ал медаль саны бойынша Қытай (383 медаль), Оңтүстік Корея (190), Жапония (188 медаль) мен Үндістаннан (107 медаль) кейінгі 5-сатыда.
Мөлдір (50 кг) бүгін алғашқы жекпе-жегінде Азия чемпионы атанған Гонконг спортшысы Йе Тинг Цангты (3-2), ширек финалда 2 дүркін әлем чемпионы, жапониялық Михо Миахараны (6-5), сосын әлем чемпионатының қола жүлдегері, ирандық Сара Бахманиарды (5-4) жеңген.
Айта кетейік, 26 жастағы Мөлдір бұған дейін 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында 9-орын алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықKAZAKHSTAN OPEN – 2024 ТУРНИРІНДЕ 800 СПОРТШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ