28.01.2024 | 16:44
Бөлісу:
Олимпиаданың 9-күні: кёрлинг Ұлттық құрама жеңіліп қалды
Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында өтіп жатқан қысқы спорт түрлерінен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының 9-жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін бақ сынаған кёрлингші Мерей және Ибрагим Тастеміров топтағы екінші матчта қарсыласқа жол берді. Джой Сутор мен Леонхард Ангрик жұбы (Германия) біздің ойыншыларға еш мүмкіндік бермей, 4-8 есебімен жеңіске жетті. Кеше ағайынды Тастемірлер Аустрияға жол берген. Ертең олар фавориттің бірі Швейцариямен сынға түседі.
Сондай-ақ ертең астана уақытымен сағат 7:30-да шаңғымен жарыс басталады. Спринтте Берік Боранбаев, Аубәкір Тотанов, Милана Мамедова, Виолетта Митропольская жүлдеге таласады.
Қазір Қазақстан делегациясы 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы есепте 17-сатыда тұр. Елімізге алғашқы алтынды Илья Мизерных сыйласа, Полина Омельчук (шорт-трек) пен хоккейден Ұлттық құрама қола медаль жеңіп алған.
Еске сала кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасын Olympics.com Youtube арнасынан көре аласыздар.
Суреттердің авторы – Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықКанвон-2024 Қазақстан үшін табысты қысқы Олимпиадаға айналды
Канвон-2024 – Қазақстан алтын алған алғашқы қысқы Олимпиада!
Олимпиаданың соңғы күні Қазақстан эстафетада сынға түсті