17.04.2022 | invalid
Бөлісу:
Қазақстан семсерлесуден Әлем Кубогында алғаш рет күміс медаль жеңіп алды
Парижде өтіп жатқан семсерлесуден Әлем Кубогінде Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Руслан Құрбанов отандық семсерлесу тарихында алғаш рет күміс медальді жеңіп алды! Финалда ол француз спортшысы Лопез Портье Нельсонпен қарсыласты.
Айта кетейік, бұл Руслан Құрбановтың мансап жолындағы Әлем кубогіндегіндегі үшінші медалі.Ол бұған дейін екі рет қола медаль жеңіп алған болатын. Француз спортшысына келетін болсақ, ол үшін бұл ересектер жарыстарындағы алғашқы жетістігі.
Семсерлесуден әлем кубогы 15-17 сәуір аралығында өтеді. Үш жүзден астам спортшы үздік атаққа таласады.Барлығы 310 спортшы қатысуда.
Құрбанов Руслан Римзиұлы Азия ойындарының екі дүркін қола жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы, Әлем кубогының екі мәрте қола жүлдегері, Токио Олимпиадасының қатысушысы, 2019 жылғы әлем чемпионатында 6-орын. Парижде өткен Әлем Кубогінің басында әлемдік рейтингте 13-ші орынды иеленді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық«МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» ЖОБАСЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?
СЕМСЕРЛЕСУДЕН БІЗДІҢ КОМАНДА 6-ОРЫНДА