13.12.2022 | invalid
Бөлісу:
Қостанайда бокстан әйелдер арасында ел чемпионаты басталды
Бүгін Қостанай қаласында бокстан əйелдер арасында ел чемпионаты басталды. Өз салмағында мықты екенін дәлелдеп, Ұлттық құрама сапына қосылу үшін əр өңірден таңдаулы 104 былғары қолғап шебері келді.
Биылғы бəсекеге халықаралық аренада бақ сынап жүрген көптеген боксшымыз қатысып жатыр. Осы арқылы ол жанкүйерлердің жіті назарында болмақ. Мәселен, жуырда Амманда аяқталған Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Ыстанбұлдағы Əлем чемпионатының жүлдегерлері, Олимпиада жүлдегерлері Қостанай төрінде жарыс көркін қыздырады.
Осыған дейін Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен Шəміл Сафиуллин бастаған бапкерлер қосыны ешкімге жеңілдік жасамайтынын, Ұлттық құрамадағы əр орын үшін талас бəріне ортақ екенін айтқан еді.
Тек Ұлттық құрама қатарында жүрген Карина Ибрагимова Қостанайға келген жоқ. Себебі, Азия чемпионы, биылғы Əлем чемпионатының қола жүлдегері 11 желтоқсанда Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) өткізген алғашқы «Чемпиондар түні» жобасында жұдырықтасты.
Жалпы чемпионат аясында 92 жекпе-жек өтеді. Ал ең көп боксшы 48 кг дейінгі салмақта тіркелген. Қостанайдағы шаршы алаң додасы 17 желтоқсанда мəресіне жетеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБОКСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ҚҰРАМ ЖАРИЯЛАНДЫ
ҚАЗАҚСТАН БОКСШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ТОП ЖАРДЫ
САНЖАР-ӘЛИ БЕГАЛИЕВ ӨЗБЕК БОКСШЫСЫН НОКДАУНҒА ТҮСІРДІ
ТӨРЕХАН САБЫРХАН – ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ