24.10.2024 | 21:39

ШАҢЫРАҚ Ш.А ОРРММИК – ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Жамбыл облысы Тараз қаласында спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат-колледж оқу орындарының 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Туризм және спорт министрлігінің Кубогы аяқталды, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кешенді жарыстың жеңімпазы Алматы қ. Шаңырақ ш.а ОРРММИК құрамасы атанса, екінші орын Қ. Мұңайтпасов ат. ОРРММИК командасына бұйырды. Ал К. Ахметов атындағы ОРРММИК үшінші орын иеленді.

«Бүгін дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін маңызды турнирімізді абыроймен өткіздік. Қатысушыларға оңай болмады. Әрқайсысының жеңіске деген ұмтылысы жоғары, арман, мақсаттары биік. Барлығы 18 команда қатысып, бақ сынады. Жүлдегерлерді құттықтаймын!», - деп қорытындылады байрақты бәсекенің бас хатшысы Асқар Қадыров. 

Сондай-ақ спортшылар алты күн бойы дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес бойынша өзара кім мықтыны анықтады.

Бұл доданың мақсаты – оқу орындары арасында бәсекелестікті арттыру, талантты жастарымыздың көзге түсуіне жағдай жасау.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес