30.09.2024 | 18:27
Бөлісу:
ТРИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ АЗИЯ КУБОГЫНДА 7 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Түркістан қаласында 2 күнге созылған триатлоннан Азия Кубогы аяқталды. Жарыс кезінде Қазақстан, Өзбекстан, Германия, Сингапур, Қырғызстан, Беларусьтан келген атлеттер ересектер (элит) және жасөспірімдер санатында кім мықтыны анықтады.
Ерлер, элит:
1. Никита Кацианеу (Беларусь) 01:54:33 секунд
2. Темірлан Теміров (Қазақстан) 01:54:36
3. Джереми Куиндос (Өзбекстан) 01:54:42
Бұл жарыста Ұлттық құрамамыздың көшбасшысы Аян Бейсенбаев 4-орын алды (01:54:48 секунд).
Әйелдер, элит:
1. Алина Хакимова (Өзбекстан) 02:15:16 секунд
2. Софи Гиссманн (Германия) 02:15:59
3. Луиза Мари Миддлдич (Сингапур) 02:19:15
Айта кетейік, элит санатындағы спортшылар 1500 метр жүзуден, 40 шақырым веложарыстан, 10 шақырым жүгіруден жарысты.
Жасөспірімдер:
1. Әли Жанат (Қазақстан)
2. Қуаныш Бекенов (Қазақстан)
3. Никита Дубинский (Қазақстан)
Қыздар:
1. Диана Ержанова (Қазақстан)
2. Анель Исабаева (Қазақстан)
3. Юлияна Петрова (Қазақстан)
Бұл жас санатына 750 метрге жүзу, 20 шақырым веложарыс, 5 шақырым жүгіру кірді.
Спортшылар Азия Кубогында алған орнына сай әлем рейтингінде ұпайға ие болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: