30.10.2024 | 23:49
Бөлісу:
ЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
Отандасымыз Жәмила Бақбергенова Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 72 кг дейінгі салмақтың финалында жапон палуаны Ами Ишимен күш сынасып, аса тартысты белдесуде ұтылып қалды. Есеп: 6-10.
Бұл 28 жастағы бозкілем шеберінің ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы 4-ші медалі. Жәмила 2021 жылы Ослода, 2022 жылы Белградта күміс жүлдегер атанған. Ал былтыр Сербия астанасында үздік үштікті түйіндеген.
Айта кетейік, Бақбергенова кеше Тирана төрінде молдовалық, содан соң чех және моңғолиялық қарсыласпен күш сынасып, жеңіске жеткен.
Жәмила Бақбергенованың жеке бапкері – Нұрсұлтан Теміров.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
ЗЕЙНЕП БАЯНОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА 5-ОРЫНҒА ТҰРАҚТАДЫ
ЗЕЙНЕП БАЯНОВА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ