11.08.2024 | 13:35

ЖАННА МАМАЖАНОВА ОЛИМПИАДАДАҒЫ НӘТИЖЕСІН ЖАҚСАРТТЫ

Париж Олимпиадасында әйелдер арасында марафон өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Өзінің екінші Олимпиадасына қатысқан отандасымыз Жанна Мамажанова 33-сатыдан көрінді. Ол 42 шақырымнан астам қашықтықты 2 сағат, 30 минут 51 секундта жүгіріп өтті.

Еске сала кетейік, Жанна Токиода 2:37.42 секунд нәтижесін көрсеткен (46-орын).  Ал биыл Роттердам марафонында жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді.

Бұл сайыста Нидерланд Корольдігінің өкілі Сифан Хассан Олимпиада рекордын тіркеп (2:22.55), жеңімпаз атанды. Ол Парижде 5 мың, 10 мың метрге жүгіруде қола жүлдегер атанған.

Одан кейін болып мәреге Тигист Ассефа (Эфиопия) мен Олимпиаданың 2 дүркін күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Хеллен Обири (Кения) келді. Марафонға барлығы 91 атлет шықты. Оның тоғызы жарысты орта жолда аяқтады.

Ерлер марафоны Олимпиада бағдарламасына 1900 жылы қосылған, әйелдер жарысы 1984 жылдан бері бар.

Фото: Владислав Семенов.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес