09.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Зульфия Чиншанло Азия чемпионы атанды
Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Чиншанло топ жарды. Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 220 келіні ырқына көндірді.
Зульфия әуелі жұлқа көтеуде 95 килоны еңсеріп, осы бағдарламада күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды. Жалып есепте күмісті қытайлық Ю Линглонг (210 кг), қоланы өзбекстандық Нигора Абдулаева (193 кг) жеңіп алды.
Айта кетейік, 29 жастағы қазақстандық атлет былтыр Токио Олимпиадасында осы салмақта қола медаль жеңіп алған. Бұдан бөлек, ол 3 дүркін әлем чемпионы, 2 мәрте Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: МЕҢДІХАН ТӘПСІР
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ