Біз:

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi – Кәсiпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға.

Кәсіпорын «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдарды басқаруды жетiлдiрудiң жекелеген мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 мамырдағы № 706 қаулысына сәйкес құрылды.

Біздің мақсатымыз:

 Спорты дамыту дирекциясы қызметiнiң мақсаты – олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен Ұлттық штаттық командаларды ұстау, халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорт резервін даярлау. Оларды жазғы және қысқы Олимпиадаға, Азия ойындарына, Әлем чемпионаттарына Әлем және Азия Кубоктарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысу үшін даярлауды қамтамасыз ету және дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту.

Мақсатқа жету үшін Кәсіпорын келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1.

Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде олимпиадалық, олимпиадалық емес және бұқаралық спорт бойынша резерв даярлау;

2.

Іс-шараларды, оның ішінде халықаралық іс-шараларды дайындау мен өткізу жөніндегі бірыңғай күнтізбелік жоспарды уақытылы жүзеге асыру;

3.

Дене шынықтыру мен спортты дамытудың жекелеген бағыттары бойынша іс-шаралар мен олардың әдістемелік құжаттарын әзірлеуге және қызметті жоспарлауға қатысу, іс-шараларды есепке алуды жүзеге асыру;

4.

Олимпиада, Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына және басқа да ресми халықаралық жарыстарға дайындалу үшін жетекші спортшыларды, жаттықтырушылар мен өзге де мамандарды, оның ішінде шетел азаматтарын келісімшарт негізінде тарту;

5.

Мемлекеттік басқару органының тапсырмасы бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына сыйақылар төлеуді, сондай-ақ спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне, олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертіккен жағдайда, нормативтік құқықтық актілеге сәйкес өтемақы төлемдерін ұйымдастыру;

6.

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізілетін республикалық және халықаралық жарыстар үшін жарнама материалдарын дайындауға және жеткізуге өтінімдерді орналастыру;

7.

Спортшыларды дайындау жөніндегі спорт ұйымдарының озық жұмыс тәжірибесін зерделеуге және бапкерлер қызметін енгізуге қатысу;

8.

Қазақстан Республикасы мен шет елдерде дене шынықтыру мен спорт мамандарының, бапкерлер құрамының біліктілігін арттыруға арналған іс-шаралар өткізуді ұйымдастыруға қатысу;

9.

Тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша шетелдік спорт ұйымдарымен спорт саласының мамандарын, оның ішінде спортшыларын алмасуды жүзеге асыру;

10.

Спорттың барлық түрі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық командаларының резерві – жас спортшылармен оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру және өткізу;

11.

Жетекші спортшылар мен жаттықтырушылар үшін профилактикалық және қалпына келтіру іс-шараларын өткізу;

12.

Жарыстар, жаттығулар мен жиындар өткізу кезінде спортшыларды жазатайым жағдайлардан сақтандыруды ұйымдастыруға қатысу;

13.

Бұқаралық ақпарат құралдарында дене шынықтыру мен спортты насихаттауға қатысу;

14.

спорт түрлерін дамыту және танымал ету мақсатында бұқаралық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ұлттық құрама командаларды дайындау жөніндегі, сондай-ақ бекітілген штат кестесіне енгізілмеген спорт түрлері бойынша іс-шараларды, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу;

15.

Халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорт резервін даярлау жөніндегі бағдарламалық және оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және басып шығаруға қатысу;

16.

Спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысу нәтижелерін талдау негізінде спорт түрлерін қаржыландыруды жалғастыру не қысқарту туралы мемлекеттік басқару органына ұсыныстар дайындау.

Директор
Естек Ерлан Жұмабекұлы

Директор

Ерлан Жұмабекұлы 1982 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. Арқалық қаласындағы мемлекеттік педагогика институтын (2003 жылы), Шымкент университетін (2016 жылы), Қазақ спорт және туризм академиясының магистратурасын (2017 жылы) тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы жаттықтырушы-оқытушы ретінде бастаған. Осыған дейін Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры қызметін атқарған. Қазақ күресінен 2 дүркін әлем және Азия чемпионы. Дзюдодан ҚР спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші. Бапкер ретінде қазақ күресінен 9 әлем чемпионын, 5 Азия жеңімпазын 30-дан астам ҚР спорт шеберін даярлаған.
Директордың орынбасарлары
Байтасов Есет Қалидоллаұлы

Директордың орынбасары

Есет Қалидоллаұлы 1987 жылғы 4 ақпанда Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын (бакалавр), 2010 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын (магистратура), 2022 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (докторантура) тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы №36 лингвистикалық гимназияның дене шынықтыру оқытушысы ретінде бастаған. 2007-2008 жылдар – №7 кәсіби мектептің дене шынықтыру оқытушысы-жаттықтырушы (Алматы қаласы); 2008-2010 жылдар – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушы-жаттықтыушысы (Алматы қаласы); 2010-2019 жылдар – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультеті, дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы, дзюдодан жаттықтырушы; 2020-2021 жылдар – ҚР ОМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК бөлім басшысы; 2017-2022 жылдар – «Рух жаңғырығы» Қоғамдық ұйымның директордың орынбасары; 2022-2023 жылдар – «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК директорының орынбасары;

Хамзин Азамат Мұқантайұлы

Директордың орынбасары

Азамат Мұқантайұлы 1986 жылғы 11 тамызда Солтүтсік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2013 жылы Көкше академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы» РҚБ Астана филиалының нұсқаушысы ретінде бастаған. 2006-2008 жылдар – «Кекушинкай каратэ-до федерациясы» ҚБ әдіскері; 2008-2012 жылдар – «Кекушинкай каратэ-до федерациясы» ҚБ жаттықтырушысы; 2012-2013 жылдар – «Киокушинкай-кан каратэ Республикалық ұлттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры; 2013-2014 жылдар – «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық-сауықтыру-дене шынықтыру клубы» МКҚК директорының орынбасары; 2014-2015 жылдар – Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» МКҚК басшының орынбасары; 2015-2016 жылдар – Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық клуб» МКҚК директоры; 2016-2020 жылдар – Астана қаласы әкімдігінің «Жігер» спорт клубы» МКҚК директоры; 2020-2022 жылдар – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы; 2023-2024 жылдар – Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ басшысы; 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Бухгалтерлік есеп бөлімі
Шурина Айнұр Жүсіпбекқызы
Бас есепші
621 428
Әнуарбекқызы Гүлбадан
Бас есепшінің орынбасары
621 435
Тоқтасынова Айнұр Мырзалықызы
Есепші
Қабылда Айжан Серікжанқызы
Есепші
Оспанова Шолпан Қабыкенқызы
Есепші
Шаукерова Меруерт Дидарқызы
Есепші
Төңкеріс Ардақ
Есепші
Сағитұлы Ілияс
Есепші
Спанова Гүлнұр Болатбекқызы
Есепші
Достанбекова Сымбат Маратқызы
Есепші
Жұманова Ақмарал Ақылбекқызы
Есепші
Қаржы басқармасы
Есова Гүлжан Марданқызы
Басқарма басшысы
621 434
Бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоспарлау-экономикалық бөлімі
Қарабаева Эльвира Ерғалиқызы
Бөлім басшысы
Рахметуллина Айман Капанқызы
Экономист
Сәбитаева Ақбота Хамитқызы
Экономист
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоспарлау-экономикалық бөлімі
Жетібаев Нұрлан Орынбасарұлы
Бөлім басшысы
Балмағамбетов Әсел Насиболлақызы
Экономист
Мұқатаева Альнура Алтынбекқызы
Экономист
Балқанаева Гүлім Төлегенқызы
Экономист
Смайылова Мәриям Телегенқызы
Экономист
Вегера Надежда Григорьевна
Экономист
Рахметова Муслима Көмекқызы
Экономист
Олимпиадалық спорт түрлері басқармасы
Балмағамбетов Оралхан Маратұлы
Басқарма басшысы
Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бөлімі
Ермұхан Баянсұлу Табиғатқызы
Бөлім басшысы
Түсіпов Жандарбек Маратұлы
Әдіскер
Ахметова Әсем Балабекқызы
Әдіскер
Боранбаева Аяулым Қанаткызы
Әдіскер
Садуова Гүлнұр Әміржанқызы
Әдіскер
Қатымқанов Нығметжан Есенғараұлы
Әдіскер
Емелхан Алтынай Бейбітқызы
Әдіскер
Қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша бөлім
Бұрхан Мұраткерім Талғатұлы
Бөлім басшысы
Бақыт Қайратжан
Менеджер
Құлынтаева Анар Бекқызы
Әдіскер
Қасқырбаева Жанаргүл Хайратовна
Әдіскер
Спорттық іс-шараларды өткізу және олимпиадалық емес спорт түрлері басқармасы
Серікбаев Ғазиз Хамитұлы
Жетекші
Спорттық іс-шараларды өткізу бөлім
Мырзабаев Бектұрсын Ақжалғасұлы
Бөлім басшысы
Есипов Владислав Владимирович
Әдіскер
Қадыров Асқар Толқынұлы
Әдіскер
Темірова Жанар Ордабекқызы
Менеджер
Аманжолова Айгерім Абзалқызы
Менеджер
Сембин Мұхтар Сейілбекұлы
Менеджер
Меңдіқұлова Әсел Жанатқызы
Менеджер
Өтемісова Алмагүл Мажитқызы
Менеджер
Оразов Азамат Ермұратұлы
Менеджер
Олимпиадалық емес спорт түрлері бөлім
Қасым Бекзат Жақыпбекұлы
Бөлім басшысы
Қасым Ернар Еркінұлы
Әдіскер
Камелова Гүлмира Темірбекқызы
Әдіскер
Кенжехан Әдемі Ғабитқызы
Әдіскер
Қоғаммен байланыс бөлімі
Кушбаев Аян Нұрғазыұлы
Бөлім басшысы
621 437
Жұмағазы Нұрғали Жеткергенұлы
Инспектор
Байырбек Шамкен Ағабекұлы
Инспектор
Айтенов Тұрлыжан Социалұлы
Инспектор
Әкімшілік-құқықтық басқарма
Қазиева Райгүл Магидуллақызы
Бөлім басшысы
621 439
Құқықтық жұмыс бөлімі
Жұмашев Бауыржан Мейрамбекұлы
Бөлім басшысы
Кемелова Құралай Темірбекқызы
Заңгер
Алшынбекова Айгүл Танабайқызы
Заңгер
Ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Жақыпжанова Айнаш Зиятқызы
Бөлім басшысы
621 431
Әбдуғалиева Әлия Байманқызы
Инспектор
Базарханова Әлия Талапқызы
Инспектор
Ақтаева Гүлзат Мейрашқызы
Инспектор
Шалхыбаева Гүлмира Қойшыбайқызы
Инспектор
Кадр жұмысы бөлімі
Молдахметова Гүлбану Мұратқызы
Бөлім басшысы
Махметова Әсем Манарбекқызы
Инспектор
Исмағамбетова Анаргүл Абылайқызы
Инспектор
Сұлтанғали Айбала Жұмағалиқызы
Инспектор
Жетибаева Махаббат Орынбасарқызы
Инспектор
Зиядин Руслан Талғатұлы
Инспектор
Инспекторлық-аналитикалық бөлім
Ниязбек Төлеубек Әділбекұлы
Бөлім басшысы
Жаниев Берік Қайруллаұлы
Әдіскер
Қылышбаев Абылайхан Әбусалиұлы
Әдіскер
Нуртазин Мейрам Қорғанұлы
Әдіскер
Орымбаев Тоқтар Өмірсерікұлы
Менеджер
Халықаралық байланыс бөлімі
Тұрсынқұлова Гауһар Қайратқызы
Менеджер
Шәкен Индира Қайратқызы
Менеджер
Нұртаева Жазира Ардаққызы
Менеджер
Садырова Қымбат Базарқызы
Менеджер
Байжұманов Бауыржан Төлеубайұлы
Менеджер
Мұсабекова Гаухар Батырқызы
Менеджер
Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
Бисекенов Жаслан Киноятұлы
Басқарма басшысы
Мемлекеттік сатып алу бөлімі
Аскаров Ержан Өмірзақұлы
Бөлім басшысы
Меңдібаева Нұргүл Елеусізқызы
Менеджер
Кистаубаева Гүлназ Ахметқызы
Менеджер
Омарова Дина Алпысбайқызы
Менеджер
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі
Айдарқұлов Таир Жүгібайұлы
Бөлім басшысы
621 438
Қыдырбекұлы Қаныштай
Менеджер
Қаңтарбаев Дастан Жасұланұлы
Менеджер
Кайндинов Асқар Темірханұлы
Менеджер
Иманов Алмас Әлімжанұлы
Менеджер
Ғалымжан Талғат
Менеджер
Есенғазин Дастан Шүкірұлы
Инспектор
Жөкенұлы Арман
Менеджер

Бос орындар:

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
2024-01-23
Хаттамадан үзінді
2023-12-22
ШЕШІМ
2023-12-12
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
2023-11-21
Қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша бөлімінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
2023-09-29
Әкімшілік–құқықтық басқармасының кадр жұмысы бөлімі басшысының уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланады
2022-12-21
Мемлекеттік сатып алу және материалдық техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланады
2022-12-21
«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Әкімшілік–құқықтық басқармасының басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
2022-11-14
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім
2022-10-05
Өткізілген байқау. «Спортты дамыту дирекциясы» МКҚК директорын тағайындау
2022-10-07
Жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша бөлімінің басшысы бос лауазымы
2022-10-12
Спорттық іс-шараларды өткізу және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша басқармасының спорттық іс-шараларды өткізу бойынша бөлімнің басшысы бос лауазымы
2022-10-12
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша басқармасының басшысы бос лауазымы
2022-10-12
Алматы қ. филиалының басшысы бос лауазымы
2022-10-12

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарға ие болуы тиіс:
1) қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қызметкерлерді есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрған жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілуі тиіс);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына» сәйкес берілген нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама.
7) бұрын сотталмағандығы туралы анықтама.

Осы құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Байланыс:

  • Қабылдау бөлімі

    621 427
  • Директордың орынбасары

    621 432
  • Кадр жұмысы бөлімінің жетекшісі

    621 430
  • Құжатпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі

    621 431
  • Қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі

    621 437
  • Бас есепшi

    621 428
  • Мемлекеттік сатып аул және МТҚЕ басқармасының жетекшісі

    621 429
  • Халықаралық байланыс бөлімінің жетекшісі

    621 433