27.10.2024 | 22:16

АЛАН ОРАЛБЕК ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫ

Еркін күрестен 57 кг дейінгі салмақта Алан Оралбек Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан чемпионатында (U23) 5-сатыдан көрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол қола жүлде үшін белдесуде Юнус Явбаторовтан (Бейтарап атлет) жеңіліп қалды. Кеше 18 жастағы отандасымыз Лука Гвинджилияны (Грузия), Жигур Сарантуяны (Моңғолия) жеңіп, жартылай финалда үндістандық қарсыласына есе жіберген.

Айта кетейік, бұл Аланның 23 жасқа дейінгі санаттағы алғашқы әлем чемпионаты. Ол былтыр Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында (U17-U23) топ жарған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес