24.09.2024 | 16:54
Бөлісу:
ЕРКІН КҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАТЫН ПАЛУАНДАРЫМЫЗ АНЫҚТАЛДЫ
Албания астанасы Тиранада өтетін күрестен олимпиадалық емес салмақтағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын бірқатар палуандарымыз анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Еркін күрес:
Асыл Айтақын (61 кг)
Нұрқожа Қайпанов (70 кг)
Дәулет Ергеш (79 кг)
Нұрдәулет Бекенов (92 кг)
Ұлттық құраманың аға бапкері Самат Жақыпов кей салмақта кімнің баратынын анықтау оқу-жаттығу жиыны кезінде анықталғанын айтады.
«Қазір 23 жасқа дейінгі және ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын палуандар Алматы облысы Талғар қаласындағы «Ақбұлақ» орталығында оқу-жаттығу жиынын бастады. Бүгін 61 кг дейінгі салмақта Тиранаға кімнің баратынын екі спортшымыз өзара анықтады. Биылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Асыл Айтақын мен Қуат Әміртаев 3 жеңіске дейін белдесіп, күш сынасты. Мұнда Асыл қатарынан 2 рет басым түсіп, тыңғылықты дайын екенін көрсетті.
Біз Албанияға аттардан бұрын 2 оқу-жаттығу жиынын өткіземіз. Осы аптада алғашқысын бастадық. Жұмыс барысында физикалық дайындықты шыңдауға басымдық береміз. Осыдан кейін әр спортшы жеке бапкерімен бірге жұмыс істейді»,-деп айтты Самат Жақыпов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Ал грек-рим күресінен команда (55, 63, 72 және 82 кг дейінгі салмақта) алдағы уақытта белгілі болады.
Халықаралық күрес федерациясы (UWW) жыл басында Париж Олимпиадасынан кейін ойындар бағдарламасына кірмейтін 4 салмақтан әлем чемпионаты бөлек өтетінін мәлімдеген. Осыған дейін мұндай форматтағы дүниежүзілік дода тек 2016 жылы Мажарстан астанасында өткен. Ол кезде қазақ палуандарынан Нұрлан Бекжанов (еркін күрес, 70 кг) күміс, Айым Әбділдина (55 кг) қола медаль жеңіп алған.
Айта кетейік, Тиранада күрестен олимпиадалық емес салмақтағы әлем чемпионаты 28-31 қазан аралығында өтеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ