26.10.2024 | 20:47
Бөлісу:
РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
Еркін күрестен Ұлттық құраманың көшбасшысы Ризабек Айтмұхан Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының (U23) ақтық сынына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз 97 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Шамиль Имам Гаджалиевті (Бейтарап атлет) ұтты. Есеп: 7-4.
Енді ертең бас жүлдені қазақ палуаны Махди Мұхарамәли Морафамен (Иран) сарапқа салады.
Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ