26.10.2024 | 18:43
Бөлісу:
РИЗАБЕК АЙТМҰХАН МЕН АЛАН ОРАЛБЕК ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА КҮРЕСЕДІ
Еркін күрестен Ұлттық құраманың екі палуаны Тиранада өтіп жатқан (U23) әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Санаулы сəттер бұрын Алан Оралбек (57 кг) моңғолиялық Жигур Сарантуядан айласын асырды. Ал еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг) еш қиындықсыз Владислав Козловтың (Бейтарап атлет) осал тұсын тауып, таза ұтты.
Жартылай финал белдесулері бір жарым сағаттан соң басталады. Алан үндістандық, Ризабек Шамиль Имам Гаджалиевпен (Бейтарап атлет) кім мықтыны анықтайды.
Өкінішке қарай, ширек финалда бақ сынаған Ернұр Нұрғазы (70 кг) мен Жеңіс Қаныбеков (79 кг) ұтылып қалды. Егер қарсыластары артық сынға жолдама алса, екі отандасымыз ертең күндіз жұбаныш кезеңінде күреседі.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ