14.07.2024 | 15:21

ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСҚАН ЕҢ ЖАС 10 ҚАЗАҚ СПОРТШЫСЫ

Санаулы күндерден кейін басталатын Париж Олимпиадасына елімізден ең жас спортшы ретінде 17 жастағы таеквондошы Батырхан Төлеуғали (80 кг дейінгі салмақта) барады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Батырхан ойындардың басталуына бір күн қалғанда, яғни 25 шілдеде 18 жасқа толмақ. Жалпы Олимпиада тарихына көз жүгіртсек, еліміздің 18 жастағы 13 спортшысы бәсі жоғары бәсекеде сынға түскен. Назарыңызға солардың тізімін ұсынамыз.

1. 13 жастағы Екатерина Руденко 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына барып, 100 метрге шалқалай жүзуден 45-орынға ие болған.

2. 14 жастағы Анастасия Прилепа 2004 жылы Афина Олимпиадасында 100 метрге шалқалай жүзуді 38-орынмен аяқтаған.

3. 15 жастағы Ольга Кожевникова 1996 жылы Атланта Олимпиадасында спорттық гимнастикадан 5 бағдарламада өнер көрсетіп, көпсайыста ең жоғарғы нәтижесін (56-орын) көрсеткен.

4. 16 жастағы Мөлдір Әзімбай 2012 жылы Лондон Олимпиадасында спорттық гимнастикадан 4 дисциплинада өнер көрсетіп, көпсайыста 58-орын алған. Ол – танымал былғары қолғап шебері, IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Марат Мәзімбаевтың қызы.

5. 17 жастағы отандасымыз Юлия Рисик 2004 жылы Афина Олимпиадасында 200 метрге еркін жүзуден жарысты 41-орынмен аяқтады.

6. 17 жастағы Елена Скалинская 2004 жылғы Олимпиадада  жүзуден 2 қашықтықта бақ сынап, 50 метрге еркін жүзуден ең жоғары (39-орын) нәтиже тіркеген.

7. 17 жастағы Михаил Емельянов 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында каноэде ескек есуден 500 және 1000 метр қашықтықтағы сайысқа қатысқан. 

8. 17 жастағы Артур Дилман 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 200 метрге еркін жүзуден жарысты 52-орынмен қорытындылаған.

9. 17 жастағы Екатерина Руденко 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 100 метрге шалқалай жүзуден 38-орынға ие болған.

10. 17 жастағы Сабина Әшірбаева 2016 жылы Рио Олимпиадасында көркем гимнастикадан бақ сынаған (12-орын).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес