10.05.2023 | 12:33
Бөлісу:
Арай Нұрлыбекова Азия чемпионатында былтырғы нәтижесін қайталай алмады
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 76 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Арай Нұрлыбекова жүлдеге бір табан жетей тоқтады.
Ол серпе көтеруді 93 келімен бастап, ізін ала 98 келі салмақты да еңсерген. Үшінші мүмкіндігінде 101 келіні көтере алмады. Ал жұлқа көтеруде Арай 120 келі салмақпен шектеліп, қалған екі мүмікіндігінде 125 және 127 келі зілтемірді ырқына көндіре алған жоқ. Қоссайыс нәтижесінде 218 келі нәтижемен 4-орын алды. Айта кетейік, Арай Нұрлыбекова былтыр Бахрейн астанасы Манамадағы сары құрлық бәсекесінде күміс жүлдегер атанған.
Чинджудағы бәсекеде Қазақстан құрамасының еншісінде қазір Арли Чонтей мен Алексей Чуркин жеңіп алған қос қола медаль бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: МЕҢДІХАН ТӘПСІР
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ