05.05.2023 | 14:00
Бөлісу:
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қоржынға алғашқы жүлде түсті
Арли Чонтей Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 55 кг дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз бəсекені жақсы бастаған. Жұлқа көтеру жаттығуында 117 келі тасты еңсеріп, көш басына шықты. Алайда серпе көтеруде қарсыластарына есе жіберіп, 4-орын алды (141 кг). Қос сайыс нəтижесінде Арли 258 келімен 3-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен құрлық чемпионатында күміс медаль жеңіп алған (116+144=260 кг). Ал 2020 жылғы Ташкенттегі бəсекеде чемпион атанған.
Бүгін сынға түскен тағы бір отандасымыз Айнұр Әбдіхалықова (45 кг дейінгі салмақ) жалпы есепте 6-сатыға тұрақтады (64+80).
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: МЕҢДІХАН ТӘПСІР
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ