12.05.2023 | 16:50
Бөлісу:
Азия чемпионатында Артём Антропов күміс, Аңдас Самарқанов қола жүлдегер атанды
Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына тағы 2 жүле түсті. Ерлер арасындағы 109 келіге дейінгі салмақта Артём Антропов күміс жүлдегер атанса (399 кг), тағы бір отандасымыз Аңдас Самарқанов (390 кг) одан кейінгі сатыға тұрақтады. Бұл салмақта алтынды Рио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Руслан Нурудинов жеңіп алды.
Артём алғашқы жаттығудан кейін 172 кг келімен 4-сатыда келе жатқан. Ал Аңдас бесінші орыннан көрінді (169 кг). Шешуші сайыс жұлқа көтеруде Антропов 227 кг тартатын тасты еңсерсе (2-орын), Самарқанов та барын салып 221 кг ырқына көндіріп, үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бірнеше сағат бұрын бақ сынаған отандасымыз Нұрғиса Әділетұлы алтын медаль жеңіп алды. Осымен Қазақстан құрамасының еншісінде бір алтын, 1 күміс пен 3 қола медаль болды. Чинджудағы жүлде үшін үлестірілетін ұпайлар Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: МЕҢДІХАН ТӘПСІР
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ