06.06.2023 | 21:35
Бөлісу:
Бадминтоншы Дмитрий Панарин рейтингтік турнирде жеңіске жетті
Шымкент қаласында бадминтоннан халықаралық рейтингтік турнир өтті. Бір апта бойы мұнда 19 мемлекеттен келген 123 спортшы бақ сынады. Бұл қатарда ел намысын 27 атлет қорғады. Назарларыңызға солардың ұсынамыз.
Ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин жеңімпаз атанды. Ол финалда Вьетнам өкілі Ле Дык Фатты жеңді. Есеп: 2-0.
Аралас жұптық сында Айша Жұмабек пен Хайтмұрат Құлматов финалда Израиль жұбы Анна Кирилова мен Максим Гринблатқа есе жіберіп (0-2) күміс жүлдеге ие болды.
Камила Смағұлова жекелей сында үндістандық Джиа Раватқа 2 партияда есе жіберіп, финалға шыға алмады. Отандастарымыздың еншісінде қола медаль бар.
Сондай-ақ Камила Смағұлова мен Айша Жұмабек жұптық сында жартылай финалда Индонезия спортшыларынан жеңіліп, үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, Ұлттық құрама медаль саны жағынан Үндістаннан кейінгі 2-орынға тұрақтады. Бұл бəсекеде ойыншылар үшін Париж Олимпиадасына қажет ұпайлар сарапқа салынғанын айта кетейік.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДМИТРИЙ ПАНАРИН АЛҒАШҚЫ МАТЧТА ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ