18.06.2023 | 20:45

Қоян-қолтық ұрыстан VII әлем чемпионатының ресми ашылуы өтті

Бүгін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасындағы VII әлем чемпионатының ресми ашылуы өтті.

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы, Қазақстан қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының президенті, генарал-майор Сәкен Исабеков, Халықаралық қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Сергей Астахов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

«Қазір елордада бірнеше халықаралық жарыс өтіп жатыр. Соның бірі – қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты. Мұнда Азиямен қатар Еуропадан да көптеген елдің өкілдері жиналып, биылғы жарыстың ауқымы кеңейе түсті. Білек күші мен ақыл-айланы қажет ететін бұл спорт түрінен біздің спортшыларымыз 2 күннен бері жанкүйерлерді қуантып келе жатқанынан хабардармын. Бүгінгі тартысты жекпе-жектер бәріміздің көңілімізден шығады деп сенемін. VII әлем чемпионатын ашық деп жариялаймын»,-деді министр.

Айта кетейік, биылғы бәсекеге 32 елден 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Олар екі бағдарламада бақ сынайды. Қазірдің өзінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте жүлде саны бойынша 1-орында тұр.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес