22.09.2024 | 19:52

ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ҚАЛАЙ ӨНЕР КӨРСЕТТІ?

Шахматтан Мажарстан астанасы Будапеште өткен 45-ші Олимпиадада еліміздің әйелдер құрамасы өз тарихында алғаш рет 2-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

1-орын Үндістан – 19 ұпай

2-орын Қазақстан – 18 ұпай

ОЛИМПИАДАҒА ҚАНША ҚҰРАМА ҚАТЫСТЫ?

1992 жыл — 62 команда

1994 жыл — 81 команда

1996 жыл — 74 команда

1998 жыл — 72 команда

2000 жыл — 86 команда

2002 жыл — 90 команда

2004 жыл — 87 команда

2006 жыл — 103 команда

2008 жыл — 111 команда

2010 жыл — 115 команда

2012 жыл — 127 команда

2014 жыл — 136 команда

2016 жыл — 140 команда

2018 жыл — 150 команда

2022 жыл — 162 команда

2024 жыл – 169 команда (рекорд)

ШАХМАТШЫЛАРЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫМЕН ҚАЛАЙ ОЙНАДЫ?

1-үстел. 20 жастағы Бибісара Асаубаева — 3 жеңіс, 6 тең

2-үстел. 19 жастағы Меруерт Камалиденова — 3 жеңіс, 4 тең, 3 жеңіліс

3 үстел. 18 жастағы Ксения Балабаева — 4 жеңіс, 5 тең

4 үстел. 17 жастағы  Алуа Нұрман — 6 жеңіс, 2 тең, 2 жеңіліс.

Резерв. 18 жастағы Әмина Қайырбекова — 4 жеңіс, 2 тең

Біздің 3 шахматшымыз алғаш рет Олимпиадада бақ сынады.

БҰЛ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

- Шахмат Олимпиадасы алғаш рет Мажарстанда өтті.

- Бастапқыда Олимпиада Минск (Беларусь) қаласында өтуі керек болған. Алайда талаптардың орындалмауына байланысты Мажарстанға берілді.

- Ресей мен Беларусь мемлекеттері жарысқа жіберілмеді.

- Алғаш рет босқындар құрамасы қатысты.

- Жарыс барысында командамыз 8 жеңіс, 2 тең, 1 жеңіліс нәтижесін тіркеді.

- Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әмина Қайырбекова турнирді жеңіліссіз аяқтады.

БҰҒАН ДЕЙІН 2022 ЖЫЛЫ ЕҢ ҮЗДІК КӨРСЕТКІШ ТІРКЕЛГЕН:

2022 жыл. 5-орын (8 жеңіс, 1 тең, 2 жеңіліс)

Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Гүлісхан Нахбаева. Резервте Назерке Нұрғали.

Фото: ФИДЕ.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес