28.11.2024 | 14:21

ТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?

7-8 желтоқсан аралығында Жапония астанасы Токиода дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыс өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл 2024 жылғы ересектер арасындағы соңғы халықаралық турнир саналады. Токиода ел намысын қорғайтын татами шеберлері мынадай:

Ерлер:

Шерзод Давлатов, Дәурен Сюкенов (-60 кг)

Бақытжан Абдурахманов (-73 кг)

Жалғас Қайролла (-81 кг)

Мейірлан Максим (-90 кг)

Әділет Сапарғалиев (-100 кг)

Әйелдер:

Толғанай Әбеуова (-52 кг)

Дана Әбдірова (-57 кг)

Самалай Ерғалиева (-63 кг)

Назгүл Маратова, Карина Такиева (+78 кг)

Барлығы Жапония астанасында 48 мемлекеттен 302 дзюдошы сынға түседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес