21.09.2024 | 08:33

ШАХМАТ ОЛИМПИАДАСЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ КӨШ БАСЫНА ШЫҚТЫ

Мажарстан астанасында өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында Бибісара Асаубаева бастаған командамыз Польшадан (2422, №3) басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ойын 2,5-1,5 есебімен аяқталды.  Алуа Нұрман жеңіліссіз келе жатқан Алисия Сливицканың сериясына нүкте қойып, өзінің жеңісті матчын 4-еуге жеткізді. Ал Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова мен Ксения Балабаева тең түсіп, қорытынды есептегі жеңісті сақтап қалды.

Қазіргі жалпы есеп:

1. Қазақстан – 16 ұпай

2. Үндістан – 15 ұпай

3. Қытай – 14 ұпай

4. Армения – 14 ұпай

5. Польша – 14 ұпай

Келесі, 10-турда Грузиямен (2462, №2) ойнаймыз. Олимпиаданың аяқталуына 2 тур қалды. Егер Қазақстан құрамасы тағы бір матчта басым түссе, кемі үздік үштікте қалады. Айта кетейік, Қазақстан әйелдер/ерлер құрамасы осыған дейін шахмат Олимпиадасында жүлде алмаған.

Фото: ФИДЕ.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес